Оқиға 21 қазанда Қызылорданың орталық алаңында болған. Марқұмның әпкесінің айтуынша, жанжал 13 жастағы танысымен арадағы 1000 теңгеге байланысты туындауы мүмкін. Жанжал кезінде жасөспірімнің кеуде тұсына бұрауыш сұғылып, ол оқиға орнында көз жұмған.
Марқұмның туыстары оқиғаға басқа адамдардың да қатысы болуы мүмкін екенін айтып отыр.
Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Кәмелетке толмаған күдікті бейімдеу орталығына орналастырылған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған.