weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 11:20 / Жасмина Нурлан / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Харри Кейн «Алтын доп» иегері атанды

Англия құрамасы мен Германияның «Бавария» клубының шабуылшысы Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын доп» сыйлығын жеңіп алды. Марапаттау рәсімі Лондондағы «Палладиум» театрында өтті. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды

Харри Кейн «Алтын доп» иегері атанды
Фото: Ашық деректер көзі

33 жастағы футболшы мансабында алғаш рет футболдағы ең беделді жеке марапаттардың біріне қол жеткізді. Ол дауыс беру қорытындысы бойынша Франция құрамасы мен «Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппені және Испания құрамасы мен «Барселона» ойыншысы Ламин Ямальды басып озды.

Кейн 2025/26 жылғы маусымда клубы мен ұлттық құрама сапында барлық турнирде 73 гол соққан. Оның нәтижелі ойыны «Баварияға» Германия чемпионатында жеңіске жетуге және ішкі турнирлерде бірқатар трофей иеленуге көмектесті. 

Харри Кейн «Алтын допты» иеленген бесінші ағылшын футболшысы атанды. Бұған дейін бұл марапатқа Стэнли Мэттьюз (1956), Бобби Чарльтон (1966), Кевин Киган (1978 және 1979) және Майкл Оуэн (2001) қол жеткізген.

Биылғы рәсім «Алтын доп» марапатының 70 жылдығына арналды. Салтанатты шара алғаш рет Парижден тыс жерде — Лондонда ұйымдастырылды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер