Оқиға 12 қазанға қараған түні сағат 03:00 шамасында Труд көшесіндегі өндіріс орнында болған. Жұмысшы қамыр илейтін аппаратты қамыр қалдықтарынан тазалап жатқанда, құрылғының қалақтары мен біліктері кенеттен іске қосылған. Салдарынан ер адамды аппарат ішіне тартып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды.
БАҚ мәліметінше, оқиға марқұмның әріптесінің көз алдында болған. Ол құрылғыдан шегініп үлгеріп, аман қалған. Қайғылы жағдайдың «Сұлтан» макарон фабрикасында болғаны хабарланды.
Солтүстік Қазақстан облысының полициясы адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Мамандар жабдықтың неліктен іске қосылғанын және еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеріп жатыр.