Алматы полициясы 61 жастағы ер адамның өліміне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Сонымен қатар тергеушілер күдіктілердің марқұмның пәтерін заңсыз иеленуге қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны тексеруде.
Бұған дейін марқұмның көршілері 30 қыркүйекте бейнебақылау камераларына ес-түссіз жатқан ер адамды басына қап кигізіп, подъезден алып шыққан сәт түсіп қалғанын мәлімдеген. Көршілердің айтуынша, 10 қазанда ер адамның пәтері сатылғаны белгілі болған.
Қазіргі уақытта төрт күдіктінің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Істі Ішкі істер министрлігінің арнайы тергеу-жедел тобы жүргізіп жатыр. Тергеу барысын Ішкі істер министрі жеке бақылауына алған.
Қылмыстың мән-жайы мен пәтердің сатылуына қатысты деректер анықталып жатыр.