weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 13:13 / Admin / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ділназды өлтірген жігіт 14 жылға бас бостандығынан айырылды

Семейде 20 жастағы Ділназ Жұмағұлованы өлтірген Алдияр Қарымсақовқа сот үкімі шықты. Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Ділназды өлтірген жігіт 14 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: Tengrinews

Үкім 13 қазанда Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланды. Сот Алдияр Қарымсақовты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі, яғни адам өлтіру бойынша кінәлі деп таныды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Қайғылы оқиға 2026 жылғы 13 шілдеге қараған түні Абай облысының Бородулиха ауылында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, бұрынғы жұптың арасында жанжал туындап, айыпталушы қызға пышақпен бірнеше рет жарақат салған. Ділназдың денесінен 16 пышақ жарақаты анықталған.

Сот шешімімен сотталушы марқұмның жақындарына моральдық зиян, материалдық шығын және өкілдік қызметтеріне кеткен шығын үшін жалпы 21 миллион теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттелді. 

Марқұмның ата-анасы сот үкімімен келіспейді. Олар қылмысты аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру ретінде қайта саралауды талап еткен. Алайда сот бұл талапты қанағаттандырмады. Қазір марқұмның туыстары үкімге апелляциялық шағым түсіру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Ділназ Жұмағұлова Шәкәрім университетінің студенті болған. Ол отбасындағы жалғыз бала еді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер