weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шымкентте жасөспірім үй тазалауға келген әйелді өлтірген

Шымкентте кәмелетке толмаған жасөспірім үй тазалауға келген әйелді өлтіріп, оның ұялы телефонын алып кеткен. Қайғылы оқиғаға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды newsroom.kz  Шымкент соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап,

Шымкентте жасөспірім үй тазалауға келген әйелді өлтірген
Фото: istockphoto.com

Сотта анықталғандай, оқиға 2025 жылғы 21 шілдеде болған. Жасөспірім Telegram мессенджерінде үйді тазалап беретін әйелдер қажет деп хабарландыру жариялаған. Осы хабарландыруға жауап берген жәбірленуші сол күні келіп, үйді тазалаған.

Алайда келісілген еңбек ақысын төлемеу мақсатында жасөспірім әйелді өлтіріп, оның ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Сот материалдарына сәйкес, жасөспірімнің кінәсі өз жауабымен, куәлардың көрсетулерімен, сараптама қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен толық дәлелденген.

Іс кәмелетке толмаған айыпталушыға қатысты болғандықтан, жабық сот отырысында қаралды. Сот жаза тағайындау кезінде айыпталушының жасын және жасаған ісіне өкініш білдіргенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Нәтижесінде сот жасөспірімді адам өлтіру және ұрлық баптары бойынша кінәлі деп танып, қылмыстардың жиынтығы негізінде 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал мәйітті қорлау дерегі бойынша айып дәлелденбеген.

Жаза кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтеледі. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→