weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жылқыны көлікке байлап жүгірткен: Шымкентте жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкентте жылқыны автокөлікке байлап, жол бойымен жүгіртуге мәжбүрлеген жүргізуші жауапқа тартылды. Әлеуметтік желіде тараған видео полицияның тексеру жүргізуіне себеп болды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Жылқыны көлікке байлап жүгірткен: Шымкентте жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: Otyrar.kz

Желіде жарияланған бейнежазбада ер адамның көлігіне байланған жылқыны жол бойымен жүгіртіп келе жатқаны көрінеді. Осы жағдайдан кейін полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, жүргізушінің жеке басын анықтады.

Ведомствоның мәліметінше, жылқыны тексеру кезінде дене жарақаттары анықталмаған.

Соған қарамастан, тексеру қорытындысы бойынша жүргізуші жануарларға қатыгездік көрсету және оларды тасымалдау қағидаларын бұзу деректері бойынша жауапқа тартылды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер