Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде тараған. Кадрларда ер адамның әйелдің соңынан еріп, оған шабуыл жасағаны, кейін ес-түссіз жатқан жәбірленушіні сүйреп әкеткені көрінеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен марқұм бұрыннан таныс болған. Олардың арасында жанжал туындап, ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қылмыстың себептерін тексеріп жатыр.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Шалқаровтың айтуынша, тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге ақпарат жарияланбайды.