weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Алдымызда көптеген өзекті міндет тұр» - Тоқаев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялап, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытындағы мақсат-міндеттерге тоқталды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

«Алдымызда көптеген өзекті міндет тұр» - Тоқаев
Фото: Aqorda

Президент биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы атап өтілетінін еске салды. Оның айтуынша, 25 қазанда Республика күніне орай Егемендік туралы декларацияның қабылданғанына ерекше мән беріледі. Бұл құжат Қазақстанның дербес мемлекет болу жолындағы маңызды қадамына айналды.

«Міне, биыл қасиетті Тәуелсіздігімізге 35 жыл толып жатыр. Бұл тарихи меженің ұлт шежіресінде алатын орны бөлек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ел өміріндегі тарихи өзгерістер халықтың көз алдында жүзеге асып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Жолдауда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жөніндегі ойларымен бөлісіп, алдағы міндеттерді айқындайтынын айтты.

«Ашығын айтсақ, бүгінде тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді қорғауға қатысты барлық мәселе әлі толықтай шешімін тапқан жоқ. Бұл – алдымызда көптеген өзекті міндет тұр деген сөз», – деді Президент.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер