weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 11:18 / Жасмина Нурлан / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠Украина мен Ресей Олешки қаласында атысты тоқтатуға келісті

Ресей мен Украина Херсон облысындағы Ресей бақылауындағы Олешки қаласында жергілікті деңгейде атысты тоқтатуға келісті. Бұл шешім гуманитарлық көмек жеткізіп, бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін қабылданған.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

⁠Украина мен Ресей Олешки қаласында атысты тоқтатуға келісті

Келісім 27 қазаннан бастап күшіне енген. Оның мақсаты – гуманитарлық миссияның қалаға қауіпсіз жетуіне жағдай жасау және көмекке мұқтаж тұрғындарды эвакуациялау.

Киевте атыстар жалғасып, Оңтүстік көпір мен метро инфрақұрылымы маңындағы жағдайға байланысты көлік қозғалысы уақытша шектелген.

Сонымен қатар Украина, Ресей және АҚШ өкілдері қарашаның бірінші жартысында келіссөздерді жалғастыру үшін Абу-Дабиде кездесуді жоспарлап отыр. Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, үш ел өкілдерінің кездесуі осы қалада өтуі мүмкін.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер