weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ҚТЖ әуе жүк тасымалымен айналысатын компания құрды

Қазақстанда әуе жүк тасымалдаумен айналысатын KTZ Air Cargo деп аталатын жаңа компания пайда болды. Оның құрылтайшысы – «Қазақстан темір жолының» еншілес компаниясы KTZ Express.

ҚТЖ әуе жүк тасымалымен айналысатын компания құрды
Фото: ашық дереккөз

Әуе компаниясы 2025 жылдың қазан айында Астанада тіркелді. Ұйымдық-құқықтық нысаны – Акционерлік қоғам (АҚ), жарғылық капиталы – 196,6 млн теңге. Бір акциясының номиналды құны 1,966 млн теңге болатын 100 жай акция шығарылған. Олар Құнды қағаздар орталық депозитарийінің есеп жүйесіне 2025 жылдың 26 қарашасында енгізілді және оларды жалғыз акционер төледі. 

Жаңа компанияның экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша «кестеге бағынатын жүк әуе көлігінің қызметі» көрсетілген.

Әуе компаниясының құрылтайшысы – KTZ Express – көліктік-логистикалық қызметтермен айналысады.

Айта кетсек, жыл басында жүк таситын ұлттық әуе компания құрылатыны айтылған еді. 

Жалпы, әлемдік әуе жүк тасымалының 15%-ы Қазақстанның үстінен өтеді. Бүгінгі таңда ондағы көлем 57,7 млн тоннаны құрайды. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→