Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, компания жеке экспедиторлардың қызметін шектеп, өзінің үлестес құрылымдары – "KTZ Express" АҚ және "КедентрансСервис" АҚ-ға артықшылықтар берген.
Бұл әрекеттер үстем жағдайды асыра пайдалану деп танылды.
Нәтижесінде сот "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-ін 1,42 млрд теңгеге айыптады. Компания жазаны оспорить етуге тырысқанымен, Астана қалалық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС – жүк теміржол тасымалдарын ұйымдастырумен және басқарумен айналысатын "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның еншілес компаниясы.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында БҚДА-ның Астана қаласы бойынша департаменті ҚТЖ-ның еншілес ұйымы – "KTZ Express" АҚ-ның монополиялық жоғары баға белгілеу фактілерін анықтаған болатын. Компания 2021 жылы әскери тасымалдарға арналған көлік-экспедиторлық қызметтердің бағасын көтерген.
Кәсіпорын белгілеген экспедиторлық комиссиялар рұқсат етілген нормалардан асып, ел аумағындағы тасымалдардың өзіндік құнының 30%-ына жеткен. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот "KTZ Express" АҚ-на 853 379 теңге айыппұл салып, 10 млн теңге монополиялық табысын тәркіледі.
Ал наурыз айында БҚДА "HILL Corporation" ЖШС мен "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС арасындағы бәсекеге қарсы келісімді анықтады. Анықталған бәсекеге қарсы келісімнің сомасы 12 млрд теңгеден асты.