Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

ҚТЖ 480 млн франк қарыз алды: Ақша қайда жұмсалады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Abu Dhabi Commercial Bank пен Deutsche Bank-пен бірлесіп, синдикатталған несие тарту туралы келісімге келді. Құжатқа сәйкес, ҚТЖ алдағы үш жылда 480 млн швейцариялық франкке дейін қаржы алмақ. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

ҚТЖ 480 млн франк қарыз алды: Ақша қайда жұмсалады
Фтто: qazaq gazeti

Аталған қаржы Мойынты – Қызылжар бағытындағы жаңа теміржол құрылысын қаржыландыруға, жүктемесі жоғары учаскелерді жаңғыртуға және бұрын алынған қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталады.

Компания өкілдерінің айтуынша, Трансқазақстандық теміржол дәлізін дамыту – Қазақстанның Қытай мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік ел ретіндегі рөлін күшейтуге бағытталған стратегиялық жоба.

Жаңа жобалар логистика шығындарын азайтып, жүк тасымалдау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бастама аймақтарда жұмыс орындарын ашып, елдің транзиттік әлеуетін арттырады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату