Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Неге Қазақстанда Қытайдағыдай жүрдек пойыздар жоқ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы Ануар Ахметжанов КТЖ брифингінде Қазақстанға жоғары жылдамдықты пойыздар енгізу үшін қандай жағдай қажет екенін түсіндірді.

Неге Қазақстанда Қытайдағыдай жүрдек пойыздар жоқ
📷 Фото: Pixabay

Оның айтуынша, мұндай жобаның экономикалық тұрғыдан тиімді болуы үшін бір бағытта кемінде 60 жұп пойыз қатынауы тиіс.

— Қытаймен салыстырғанда бізде жолаушы саны көп емес. Жоғары жылдамдықты пойыз үшін бөлек жол салу керек, ол — инфрақұрылымға қомақты инвестиция. Мәселен, Астана мен Алматы арасында осындай магистраль тұрғызу үшін шамамен 10 млрд доллар қажет. Бірақ тәулігіне бар болғаны үш-төрт мың жолаушы тасимыз, билет бағасы да өте қымбат болады, — деді Ахметжанов.

Ол есептердің бәрі Қазақстанда әзірге жүрдек магистраль салудың экономикалық негізі жоқ екенін көрсеткенін атап өтті. Сондықтан алдағы жылдары жаңа технологиялы пойыздар бізде болмайды.

Мысалы, «Тальго» пойызы өз мүмкіндігінше (250 км/сағ дейін) жүре алмайды, өйткені бөлек жылдамдықты желі жоқ. Жалпы қолданыстағы жолдар ауыр жүк пойыздарының әсерінен тозып, мұндай жылдамдық қауіпті саналады.

Сондықтан қазір «Тальго» ең көбі 140 км/сағ жылдамдықпен қатынайды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату