weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 16:00 / Жасмина Нурлан / Қаржы
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сыртқы қарызды өтеу үшін Қазақстанда салық көбейе ме?

Қазақстанда сыртқы қарыздарды өтеу мақсатында салық мөлшерлемелерін арттыру қажеттілігі туындамайды. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев журналистердің сұрағына жауап беру кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom.kz 

Сыртқы қарызды өтеу үшін Қазақстанда салық көбейе ме?
Фото: ашық дереккөз

Брифинг барысында БАҚ өкілдері халықаралық қаржы ұйымдарынан тартылып жатқан қарыздарды мемлекет қандай қаражат есебінен қайтаратынын және бұл халыққа қосымша салық жүктемесін әкелуі мүмкін бе екенін сұрады.

Министрдің айтуынша, жаңа қарыздарды өтеуге қажетті қаражат республикалық бюджетте алдын ала қарастырылған. Сондықтан азаматтар үшін салықты көтеру мәселесі күн тәртібінде жоқ.

«Жалпы, бізде ондай қажеттілік болмайды. Қазір алып жатқан қарызды республикалық бюджет толық өтейді. Бұл – алдын ала жоспарланған бюджет. Биыл бюджетте 4,6 трлн теңге тапшылық бар. Осы қаражат жетіспеушілігіне байланысты қарыз алып отырмыз», – деді Мәди Такиев.

Министр Қазақстанның халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығына да тоқталды. Оның сөзінше, еліміз Азия даму банкімен 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ал Қазақстанның аталған банктің капиталындағы үлесі шамамен 0,8 пайызды құрайды.

Такиевтің айтуынша, халықаралық ұйымдардан тартылған қаражат бюджет тапшылығын жабуға және әлеуметтік маңызы бар салаларды қаржыландыруға бағытталады. Атап айтқанда, инфрақұрылымды дамыту мен денсаулық сақтау саласына қолдау көрсету көзделген.

Сондай-ақ министрдің мәліметінше, Қытай нарығында панда-облигациялар шығару арқылы тағы 1,5 млрд доллар тартылған. Бұл қаражаттардың барлығы жыл соңына дейін түседі деп жоспарланған.

Ал 2027 жылы Қазақстан нарықтағы жағдайға қарай еуромен қосымша қаражат тартуды қарастырып отыр. Келер жылы бюджет тапшылығы шамамен 4,5 трлн теңге болады деп болжануда. Оның 1,5 трлн теңгесін халықаралық қаржы ұйымдарынан алынатын қарыз есебінен жабу жоспарланған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер