weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
9 қыркүйек, 2025 / Жанар Ғарифоллақызы / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Непалдағы митиңде полицияның оғынан 14 адам қаза тапты

 Катманду қаласында жастар (Z буыны өкілдері) биліктің Instagram, Facebook, YouTube, X секілді танымал платформаларды жабу шешіміне қарсы митиңге шықты.

Непалдағы митиңде полицияның оғынан 14 адам қаза тапты
• Фото: The Kathmandu Post.

The Kathmandu Post басылымының хабарлауынша, наразылар Непал парламентінің ғимаратын қоршауға алған. Полиция оларды тарату үшін су атқыш пен көзден жас ағызатын газ қолданды. Бірақ жастар шегінбеген соң, тәртіп сақшылары оқ жаудырған.

Оқ-дәріні қолдану салдарынан 14 адам көз жұмды, олардың кейбірі ауруханада қайтыс болған. Reuters агенттігінің дерегінше, жараланғандар саны 50-ден асады.

Қалада коменданттық сағат енгізілді. Жергілікті БАҚ наразылықты «зумерлер көтерілісі» деп атап отыр.