weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны мыңнан асты

Непал мен Қытайдың Тибет аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 1000-нан асты. Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны мыңнан асты
Фото: Anadolu ajnasi

Табиғи апатқа 26 тамызда Гималайда болған мұздықтың опырылуы себеп болған. Таудан аққан су, лай мен тас өзен арналарына түсіп, елді мекендер мен инфрақұрылымды қиратқан. 

Непалдың апаттарды басқару органдарының соңғы мәліметінше, елде 987 адам қаза тауып, 3916 адам хабар-ошарсыз кеткен. Сонымен қатар 11 814 адам құтқарылып, эвакуацияланған. 

Қытайдың Тибет автономиялық ауданында 16 адам қаза болып, тағы 546 адам із-түзсіз жоғалған. Осылайша екі елдегі расталған құрбандар саны 1000-нан асып отыр. 

Ең күрделі жағдай гидроэлектр станцияларында қалыптасқан. Құтқарушылар шамамен 900 жұмысшыны іздеп жатыр, олардың 500-ге жуығы тоннельдерде қамалып қалуы мүмкін. Арнайы техникалар мен іздеу топтары лай мен үйінділерді аршып, адамдарды табуға тырысуда. 

Құтқару жұмыстарына мыңдаған маман тартылған. Алайда таулы жер бедері, қираған жолдар мен көпірлер және жаңа су тасқыны қаупі операцияны қиындатып отыр.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→