weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бірқатар өңірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі

Алматы, Талдықорған және Атырау қалаларында атмосфералық ауада зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Бірқатар өңірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі
Фото: en.orda.kz

Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы мен Талдықорған қалаларында күндіз, ал Атырауда түнгі уақытта болжанып отыр.

Мұндай жағдайларға желсіздік, баяу жел, тұман және температуралық инверсия жатады. Бұл құбылыстар зиянды қоспалардың атмосферада таралуын қиындатып, олардың жерге жақын ауа қабатында жиналуына әсер етеді.

Соның салдарынан елді мекендердегі ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Әсіресе тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдарға, аллергиясы бар тұрғындарға, балалар мен қарттарға сақ болған жөн.

Мамандар мүмкіндігінше ашық ауада ұзақ уақыт жүрмеуге, әсіресе көлік жолдары мен өнеркәсіп нысандарының маңында болуды шектеуге кеңес береді. Сонымен қатар даладағы қарқынды дене жаттығуларын азайтып, спортпен жабық ғимараттарда айналысқан дұрыс.

Айта кетейік, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар зиянды заттардың шекті мөлшерден міндетті түрде асып кеткенін білдірмейді. Бұл — атмосферадағы ластаушы заттардың табиғи жолмен таралуына кедергі келтіретін ауа райы факторлары.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер