Сонымен қатар, оның анасы – Ғайни Алашбаева да кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Перизат Қайраттан келесі мүліктер тәркіленеді:
— Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold, «Көк Жайлау» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен автотұрақ орындары
— Mercedes-Benz S450, Lexus LX 600, Mercedes-Benz EQE, Haval H6 GT автокөліктері
— Rebel Flowers гүл бизнесі
— 97 миллион теңгеден астам қаржы және 22 мың АҚШ доллары.
Еске салсақ, бұған дейінгі материалымызда «Asar-Ume» қоры Перизатқа 200 млн теңге аударғанын, Kaspi де Перизат Қайраттың өтінішімен қорына 620 млн теңге аударғанын, бухгалтермен жазысқан хаттары туралы және қор ақшасын қолма-қол ақшаға қалай айналдырғаны туралы жазған болатынбыз.