weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 қазан, 2026 / Admin / ЗжТ
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтауда жалған анықтама көрсеткен әйел сотталды

Ақтауда мас күйінде көлік жүргізген әйел сотта жүктілігі туралы анықтама ұсынған. Кейін құжаттың жалған екені анықталды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Ақтауда жалған анықтама көрсеткен әйел сотталды
Фото: Ашық деректер көзі

Полиция әйелді көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұстаған. Бұл құқықбұзушылық бойынша оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.

Сот отырысында әйел жүктілігін растайтын медициналық анықтама ұсынған. Осыған байланысты сот әкімшілік қамау жазасын қолданбай, оны жеті жылға көлік басқару құқығынан айырған.

Алайда кейін прокуратура қызметкерлері құжатты тексеріп, анықтаманың қолдан жасалғанын анықтаған.

Нәтижесінде сот әйелге 15 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады. Сонымен қатар жалған құжат пайдалануға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл бап бойынша 160 АЕК-ке дейін айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер