Полиция жүргізген тергеу барысында құрамында есірткі бар 233 түп өсімдік тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған өсімдіктер жалпы салмағы 49 келіден асатын каннабис болып танылған. Бұл — аса ірі көлемге жатады.
Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан. Оның кінәсі оқиға орнын қарау хаттамалары, сараптама қорытындылары және куәгерлердің айғақтарымен дәлелденген.
Сот әрекетті ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 3-бөлігі 2-тармағы — есірткі заттары бар өсімдіктерді аса ірі көлемде заңсыз егу және өсіру бойынша саралады. Қылмыстың қоғамдық қауіптілігі, айыпталушының жеке басы және жеңілдететін жағдайлар ескеріліп, оған орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу арқылы 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Іс бойынша барлық заттай дәлелдемелер жойылуы тиіс. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.