weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Маңғыстауда алимент төлемеген азамат сотталды

Маңғыстау облысында екі баласына алимент төлеуден жалтарған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралып, сот оны кінәлі деп таныды. Берешек көлемі 3,7 миллион теңгеден асқан.

Маңғыстауда алимент төлемеген азамат  сотталды
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында сот шешімімен екі баласын асырауға алимент төлеуге міндеттелген азамат ұзақ уақыт бойы өз міндетін орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

Іс материалдарына сәйкес, сот қаулысы бойынша ер адам ай сайынғы табысының үштен бір бөлігін алимент ретінде төлеуге тиіс болған. Алайда ол бұл міндетін үш айдан астам уақыт бойы орындамай, қомақты берешекке жол берген.

2025 жылғы 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша, алимент қарызы 3 719 580 теңгеге жеткен.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты. Сондай-ақ қазіргі таңда қаржылық мүмкіндігінің шектеулі болуына байланысты берешекті толық өтеуге шамасы жетпейтінін жеткізген.

Сот оның кінәсін мойындауы мен шын өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Соған қарамастан, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→