weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Өзімді қылмыскер сезініп тұрмын»: Перизат Қайраттың есепшімен жазысқан хаттары оқылды

Сотта Перизат Қайрат пен оның бухгалтері арасындағы даулы хаттың мәтіні оқылды.

«Өзімді қылмыскер сезініп тұрмын»: Перизат Қайраттың есепшімен жазысқан хаттары оқылды

Хатта олар төлем қағаздарын қолдан жасап, есеп беруді талқылағаны анық байқалады. 2024 жылдың 22-қаңтарында Перизат Қайрат былай деп жазады:

«Қап, өзімді қылмыскер сезініп тұрмын», — деп жазған Перизат.

Есепші жауап ретінде аудио хабарлама жолдаған.

«Егер сіз қазір осы төлем қағаздарын жасап берсеңіз, олар өтсе, біз есепті соларға қарап жасаймыз, дұрыс па?
Сосын жалпы, былай жазамыз: не сатып алынды, қанша фунт… доллар қолма-қол. 10 миллион ана жаққа, 10 миллион мына жаққа, тағы 10 миллион ана жаққа, 10 миллион мына жаққа.
Осы төлем қағазынан сүйеніп, есеп шығарып береміз, дұрыс қой?» — делінген хатта.

Сотта басқа да хат үзінділері оқылды.

"200-ді 170 қылып өзгертіңдер".

Бәрін бір сомаға болмайды, екі платежка жасау керек болады.

30 бен 80 қылып жіберіңдер

Маркировка жасау қиын. Телефонның экраны кішкентай", - делінген хабарламада. 

Қорытындыға сәйкес, 200 000 және 198600 АҚШ долларына жасалған аударым өтініштері фотополимерлі баспа арқылы қолдан жасалған.  

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→