weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Asar-Ume» қоры Перизат Қайратқа 200 млн теңге аударған

Сот отырысына «Asar-Ume» қоғамдық бірлестігінің президенті Асхат Нұрмашев куә ретінде қатысты.

«Asar-Ume» қоры Перизат Қайратқа 200 млн теңге аударған
Фото: newtimes

Асхат Нұрмашев Перизат Қайрат жетекшілік еткен қорға не себепті 200 млн теңге аударғанын түсіндірді.

Оның сөзінше, Перизат Қайрат Абу-Дабидегі гуманитарлық хабпен байланысы бар екенін айтқан.

Осылай, «Asar-Ume» қоры халық жинаған 293 млн теңгенің 200 миллионын Перизат Қайраттың шотына аударып жіберген.

«Перизат Қайрат бізден қалған 93 млн теңгені өзінің жеке шотына аударуды сұрады.Ол есеп бергеннен кейін, біз келісімшарт талаптары бұзылуына байланысты 93 млн теңгені аудармау туралы шешім қабылдадық», — дейді Асхат Нұрмашев.

Перизат Қайрат басқарған қорға палестиналықтарға көмек үшін жалпы 566 миллион теңге көлемінде қаржы жиналған.

Бұл қаржының 7 миллион теңгесі ғана Палестина елшілігінің шотына аударылған. Қалғаны жеке мақсатқа жұмсалған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→