– Әкімшілік жауапкершілік дегеніміз не? Ол қылмыстық жауапкершіліктен несімен ерекшеленеді?
– Әкімшілік жауапкершілік – бұл заңмен тыйымсалынған, бірақ қоғамға онша қауіпті емесәрекеттер үшін қолданылатын мемлекеттік ықпалету шарасы. Мысалы, жол жүру ережесін бұзу, ұсақбұзақылық немесе салықты уақытында төлемеу.
25-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық (Әкімшілікқұқық бұзушылық туралы Қазақстан РеспубликасыныңКодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі)
1. Осы Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққақарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаныңқұқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.
2. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң баптарындакөзделген құқық бұзушылықтар үшiн, егер бұлқұқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойыншазаңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкепсоқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды.
28-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа жататынтұлғалар (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚазақстанРеспубликасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі)
Әкiмшiлiк жауаптылыққа:
1) әкімшілік құқық бұзушылық аяқталғаннемесе оның жолын кескен кезде он алты жасқатолған, ақыл-есi дұрыс жеке тұлға;
2) заңды тұлға жатады.
Ал қылмыстық жауапкершілік – қоғамғаелеулі қауіп төндіретін әрекеттерге қатысты, мысалы, ұрлық, алаяқтық, немесе денсаулыққақасақана зиян келтіру.
10-бап. Қылмыс және қылмыстық теріс қылықұғымдары
(Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі)
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамғақауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарайқылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болыпбөлінеді.
2. Осы Кодексте айыппұл салу, түзеужұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынанайыру түріндегі жазалау қатерімен тыйымсалынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс дептанылады.
3. Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зорқауіп төндірмейтін, жеке адамға, ұйымға, қоғамғанемесе мемлекетке болмашы зиян келтірген не зиянкелтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшінайыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдықжұмыстарға тарту, қамаққа алу, шетелдікті немесеазаматтығы жоқ адамды ҚазақстанРеспубликасының шегінен тысқары жергешығарып жіберу түріндегі жаза көзделген, айыптыжасалған іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады.
Айырмашылығы – әкімшілік құқықбұзушылық үшін әдетте айыппұл, ескерту, арнайықұқықтан айыру немесе қысқа мерзімді қамаққаалу қолданылады. Қылмыстық істер үшін – бас бостандығынан айыруға дейін баруы мүмкін.
– Қандай істер немесе әрекеттер әкімшілік құқықбұзушылық қатарына жатады?
– Әкімшілік құқықбұзушылық қатарына:
- Жол қозғалысы ережесін бұзу;
- Қоғамдық орында мас күйінде жүру;
- Заңсыз сауда жасау;
- Экологияны ластау;
- Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндетінорындамау;
- Салықты кешіктіру.
Бұл тізім ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы кодексінде нақты көрсетілген.
– Мемлекет әкімшілік жауапкершілік арқылынені реттегісі келеді?
– Мемлекеттің мақсаты – қоғамдық тәртіптісақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етужәне заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру. Бұлқұқықбұзушылықтың алдын алу құралы ретіндеқарастырылады.
– Айыппұл мөлшеріне әсер ететін негізгіфакторлар қандай?
– Айыппұл мөлшері келесі факторларғабайланысты белгіленеді:
- Құқықбұзушылықтың ауырлығы;
- Бұрын жауапкершілікке тартылған-тартылмағаны;
- Әрекеттің салдары;
- Кей жағдайда – әлеуметтік жағдайы.
– Әкімшілік айыппұлдарды қашан және қалайтөлемесе, ол қылмыстық іске айналуы мүмкін?
– Егер айыппұл заңда белгіленген мерзімде төленбесе:
- Сот орындаушылар арқылы мәжбүрлепөндіріліп алынады;
- Әдейі төлемеу анықталса – ҚР Қылмыстықкодексінің 430-бабы бойынша (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылыққүжатты орындамау 6-айдан бері) қылмыстықжауапкершілік туындауы мүмкін.
– Әкімшілік іс жүргізудің қысқартылған(оңайлатылған) түрі туралы айтып берсеңіз?
– ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралыкодексінде қысқартылған іс жүргізу түрі көзделген. Яғни, егер адам кінәсін толық мойындап, материалдар жеткілікті болса, іс жеңілдетілгентәртіппен – сотқа жеткізбей, айыппұлмен шектелуі мүмкін.
– Азамат әкімшілік құқықбұзушылыққатартылған жағдайда қандай құқықтары мен міндеттері бар?
– Құқықтары:
- Іс материалдарымен танысу;
- Адвокат/Заңгер көмегін алу;
- Куәгерлер мен дәлелдерді ұсыну;
- Сот шешіміне шағымдану (келіспегенжағдайда).
Міндеттері:
- Өз әрекетіне жауап беру;
- Тергеу мен сотқа кедергі келтірмеу;
- Заңды талаптарды орындау.
– Айыппұлмен келіспеген жағдайда азамат не істей алады? Қайда шағымданады?
– Азамат хаттамамен немесе сот қаулысыменкеліспесе 10 тәуліктің ішінде, хаттама толтырылған күннен бастап:
- Әкімшілік сотқа немесе жоғары тұрғанорганға шағымдануға құқылы - толық себептерінжазуға міндетті
Бұл – ҚР Конституциясында кепілдік берілген құқық.
Егер азамат әкімшілік жауапкершілікке бірнеше рет тартылса, не болады?
– Егер бұзушылық қайталанса:
- Жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретіндеесептеледі;
- Айыппұл сомасы көбейеді;
- Әкімшілік қамауға алу қолданылуы мүмкін.
– Қандай жағдайларда әкімшілік істі тоқтатуғанемесе айыппұлды жеңілдетуге болады?
- Алғаш рет бұзушылық жасалса;
- Зиянның орны толық толтырылса;
- Материалдық жағдайы қиын болса;
- Құқықбұзушылықта құрам болмаса – істоқтатылуы мүмкін.
– Сұхбатыңызға көп рахмет!