Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Енді репост үшін айыппұл салынады. Желіде неге сақ болу керек?

Қазақстанда әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент таратқандарға айыппұл салу ұсынылды.

Енді репост үшін айыппұл салынады. Желіде неге сақ болу керек?
фото: ЖИ

Мәжілістің жалпы отырысында «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Онда қысқа, бірақ маңызды тұжырым бар – енді заңсыз контентті жариялағаны немесе таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Онлайн-платформалар туралы заңға сәйкес, мұндай контентке зорлық-зомбылыққа, мемлекет тұтастығын бұзуға, ұлтаралық араздыққа, суицид пен есірткіні насихаттауға шақыратын жазбалар жатады.

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың айтуынша, жазадан тек авторлар ғана емес, репост жасағандар да құтыла алмайды.

«Егер адам заңға қайшы видеоны өз парақшасында жарияласа немесе репост жасаса — ол да таратушы болып саналады және жазаланады», — деді депутат.

Тіпті «бұл заңсыз» деп ескерту жазып қойса да, контентті өзі таратқан болып есептеледі. Депутаттың сөзінше, мұндай жағдайда адам «заң бұзушылықты насихаттаушы» ретінде жауап береді.

Қазір Әкімшілік кодексте арнайы бап жоқ, бірақ ол Парламент екінші оқылымда қабылдаса, заң күшіне енеді. Ал бұрын жарияланған жазбалар да өшірілуі тиіс.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату