Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Алматының бұрынғы әкім орынбасары жанжал кезінде қаза тапты

Астанада резонанс тудырған оқиға болды — 56 жастағы танымал мемлекет және қоғам қайраткері, Алматы қаласының бұрынғы әкім орынбасары Ержан Бабақұмаров көз жұмды.

Алматының бұрынғы әкім орынбасары жанжал кезінде қаза тапты

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Бабақұмаров пен оның танысы арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқан. Алған жарақаттарынан ол көз жұмған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеушілер сотқа дейінгі тергеуді бастап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Ержан Бабақұмаров мемлекеттік басқару саласында бірнеше маңызды қызметтер атқарған. Ол Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің басшысының орынбасары, Ақпараттық-талдау орталығының басшысы, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің жетекшісі болды. Сондай-ақ, Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары, Мәдениет және ақпарат вице-министрі әрі жауапты хатшы қызметтерін атқарған. Кейінірек Президенттің кеңесшісі — Мемлекет басшысы Әкімшілігінің талдау және болжау орталығының жетекшісі болып қызмет етті.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату