weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ChatGPT Қазақстанда салық төлей бастайды

Енді чат-бот Қазақстан аумағында жеке тұлғаларға қызмет көрсеткені үшін қосымша құн салығын (ҚҚС) төлейді, деп хабарлайды newsroom.kz

ChatGPT Қазақстанда салық төлей бастайды

Мемлекеттік кірістер комитеті елде 2022 жылдан бері қолданыстағы «Google салығын» еске салды. Бұл салық бойынша шетелдік интернет-компаниялар тауар мен қызметті онлайн сатқан жағдайда, Қазақстан бюджетіне ҚҚС төлеуге міндетті.

Тіркеуден бас тартқан жағдайда, тіпті платформаның жұмысы бұғатталуы мүмкін.

«Жаһандық цифрлық платформалармен өзара іс-қимылды жетілдіру аясында 2025 жылдың мамырында жасанды интеллект саласындағы жетекші америкалық OpenAI LLC компаниясы (ChatGPT-тің әзірлеушісі) шартты түрде тіркелді», – делінген комитет хабарламасында.

Өткен жылы «Google салығынан» ел бюджетіне 35 миллиард теңге түскен.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→