Жаңа басшының мемлекеттік қызмет пен медиа саласында мол тәжірибесі бар. Еңбек жолын 2004 жылы бастаған.
Әр жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясында басшылық қызметтер атқарып, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болған. Сондай-ақ Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, кейін басқарма жетекшісі қызметін атқарған.
Бұдан бөлек, «Қазақ радиолары» ұйымын басқарды. 2019–2021 жылдары «Астана» телеарнасының, ал 2021–2023 жылдары «31 арнаның» бас директоры болды.
2023 жылдың шілдесінен бастап жаңа тағайындауға дейін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы қызметін атқарды.