Еске сала кетейік, әншінің алғашқы концерті 1 тамызда Астанада ұйымдастырылады.
«Астанадағы және Алматыдағы концерттерге сатып алынған билеттер толықтай қайтарылмайды. Джей Лоның халықаралық тур менеджменті бекіткен осы талаптың арқасында Қазақстанда екінші концерт өткізу мүмкін болды», – деп хабарлады компания өкілдері.
Айта кетейік, Астанадағы концертке арналған билеттердің сатылымы Ticketon платформасы үшін нағыз сынаққа айналды — сайт билет сату басталмай жатып-ақ істен шыққан.
Қолданушылардың шамадан тыс көп кіруінен туындаған техникалық ақаулар салдарынан шамамен 200 адам елордадағы концертке тегін қатысатын болды.