Елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде күрес түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Халықаралық жарысқа әлемнің 135 елінен 900-ден астам балуан қатысты.
Жарыс барысында Қазақстан спортшылары бес рет жүлдегерлер қатарынан көрінді. Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Нұрқожа Қайпанов күміс медаль жеңіп алды.
Ал тағы төрт спортшымыз қола жүлдеге қол жеткізді. Олардың қатарында:
Ысхар Құрбаев — грек-рим күресі, 55 келіге дейін;
Айдос Сұлтанғали — грек-рим күресі, 60 келіге дейін;
Бағдат Сабаз — грек-рим күресі, 67 келіге дейін;
Зейнеп Баянова — әйелдер күресі, 50 келіге дейін.
Осы нәтижелердің арқасында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 15-орынға жайғасты.
Айта кетейік, Астана күрестен әлем чемпионатын екінші рет қабылдап отыр. Бұған дейін дәл осы халықаралық дода 2019 жылы «Барыс Арена» кешенінде ұйымдастырылған болатын.