Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Дженнифер Лопестың концертіне 200 адам тегін кіреді

Ticketon платформасының тең құрылтайшысы Алексей Ли әлеуметтік желідегі Threads парақшасында Астанада өтетін Дженнифер Лопес концертіне билет алу барысында болған техникалық ақаулар үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Дженнифер Лопестың концертіне 200 адам тегін кіреді

Оның айтуынша, сервис комиссия ақысын қайтарады, кейбір көрермендерге билет санатын жоғарылату ұсынылады, ал шамамен 200 адам концертке тегін қатысады.

"Бұл жай ғана техникалық ақау емес, бұл — сенімге соққы болды. Бізге бұл жағдай бейжай емес", — деді

Ли. Ол тапсырыстары қайталанған пайдаланушыларға компания есебінен билет санатын жоғарылату немесе орын деңгейі төмендеген жағдайда толық өтемақы және концертке тегін кіру мүмкіндігі ұсынылатынын түсіндірді.

Алексей Лидің сөзінше, сервис үш есе ұлғайтылған серверлерге қарамастан, пайдаланушылардың көптігінен жүктемені көтере алмаған. Сатылым тоқтатылған соң, команда барлық тапсырыстарды қолмен тексеріп, қайталанған өтінімдер мен алыпсатарларды анықтады. Билеттері дұрыс рәсімделген сатып алушыларға ваучерлер таратыла бастаған, қалғандарына жақын арада жіберілетіні хабарланды.

Сонымен қатар, Алексей Ли бұл жағдайға байланысты сайт пен қосымшаның жаңартылған нұсқасын іске қосу мерзімі жеделдетілетінін айтты. Жаңа платформа бастапқыда қыркүйек айында таныстырылады деп жоспарланған болатын.

Айта кетейік, Дженнифер Лопестің Астанадағы концерті 2025 жылғы 1 тамызда өтеді және бұл әншінің Қазақстандағы алғашқы өнер көрсетуі болмақ. Концертке дайындық үшін стадионды жабдықтау жұмыстары 6 күнге созылады.

Билеттер сатылымға шыққаннан кейін 4 сағат 30 минут ішінде түгел сатылып, ұйымдастырушылар "Аншлаг!" деп жариялаған. Осыдан кейін OLX пен басқа онлайн-платформаларда билеттер қайта сатылып, бағалары 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейін жеткен.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату