weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Айдарбек Ходжаназаров көкпар федерациясының президенті болып тағайындалды

Көкпардан Республикалық федерацияның конференциясында ұйымның былтырғы жұмысы қорытындыланып, жаңа президент сайланды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Айдарбек Ходжаназаров көкпар федерациясының президенті болып тағайындалды
Фото: Kursiv.media

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Еркебұлан Ильясов федерацияға жаңа басшы тағайындауды ұсынды. Талқылаудан кейін федерацияның жаңа президенті ретінде ұлттық спортқа жанашыр Айдарбек Ходжаназаров сайланды.

— Бауыржан Әбдірашитұлы өз еркімен қызметінен кетті. Саланың дамуына қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. Осыған байланысты федерация президенті ретінде Мәжіліс депутаты, көкпар федерациясының құрметті президенті Айдарбек Ходжаназаров таңдалды. Оны көпшілігіміз жақсы танимыз: Қостанай облысында көкпарды жаңа деңгейге көтере білді. Оның басшылығымен федерация бұдан әрі де қарқынды дамиды деп сенемін, — деді Еркебұлан Ильясов.

Өз кезегінде Айдарбек Ходжаназаров артылған сенімге ризашылығын білдіріп, ұлттық спортты дамытуға қатысты жоспарларымен бөлісті.

— Біз көкпардан Қазақстан лигасын ашамыз. Жүлде қоры — 25 миллион теңге. Қазір жарыс күнтізбесін нақтылап жатырмыз. Сонымен қатар көкпарды өңірлерде кеңінен насихаттау үшін барлық облыста федерация филиалдарын ашуды, маркетинг пен жарнаманы күшейтуді жоспарлап отырмыз. Чемпионаттардың жүлде қорын арттырып, ерекше ойын көрсеткен командаларға қосымша марапаттар тағайындалады, — деді ол.

Бұдан бөлек, үздік ойыншылар мен жақсы дайындалған аттарға арнайы номинациялар енгізіліп, жүлделер беріледі. Жарыста ерекше көзге түскен ат иелеріне жүлде қорынан арнайы пайыз бөлініп, алдағы уақытта ат беруден бас тарту жағдайларының алдын алу көзделіп отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→