weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дәрігерлерге қатысты қылмыстық істер төрт есе өскен

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер саны төрт есеге өскен. Осыған байланысты денсаулық сақтау саласының Aqniet кәсіподағы Қылмыстық кодекстің 317-бабын қылмыстық сипаттан арылтуды ұсынып отыр. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Дәрігерлерге қатысты қылмыстық істер төрт есе өскен
Фото: Ашық деректер көзі

Кәсіподақ төрағасы Бақытжан Тәжибаев Құрылтай депутаты Дана Медеуованың дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесіне қатысты бастамасына пікір білдірді.

Оның айтуынша, қолданыстағы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс пен медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі күтілген нәтижені толық қамтамасыз етпейді.

Мәселен, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруға жыл сайын шамамен 6 млрд теңге бағытталады. Ал медициналық көмек көрсету кезінде зиян келтірілген пациенттерге жасалған төлем көлемі 600 млн теңгеден сәл ғана асқан.

Кәсіподақ өкілдері медициналық және фармацевтикалық бақылау органдары материалдарды құқық қорғау органдарына берген жағдайларда да қылмыстық істер саны артқанын атап өтті.

Aqniet басшысының пікірінше, мемлекет дәрігердің қасақана жасаған әрекеті мен кәсіби қателігін немесе медициналық тәуекелді нақты ажыратуы қажет.

Осыған байланысты кәсіподақ Қылмыстық кодекстің 317-бабын, егер дәрігердің әрекетінде қасақаналық болмаған жағдайда, декриминализациялауды ұсынады.

Кәсіподақтың ұстанымынша, дәрігердің кәсіби қатесі мен қасақана жасалған қылмысқа бірдей құқықтық баға берілмеуі керек.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер