Сотта қаралып жатқан талап-арызға Бажкенованың 2025 жылғы 7 қазанда Facebook және Instagram желілерінде жариялаған жазбасы себеп болған. Материалда Ғани Бейсембаев пен Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы басшысы Мұрат Нұртілеудің туыстық байланысы туралы ақпарат айтылған.
Бейсембаев Бажкеновадан аталған мәліметтерді сол әлеуметтік желідегі парақшаларында теріске шығаруды талап етіп отыр. Сонымен қатар ол моральдық зиян ретінде 20 млн теңге, мемлекеттік баж және заң көмегіне кеткен шығындарды өндіріп беруді сұраған.
Бұған дейін, 30 маусымда, Бажкенова осы жазбаға байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 778 500 теңге айыппұл салынған.
Іс бойынша сот отырысы Алматы қаласының Бостандық аудандық сотында қаралып жатыр.