weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Татьяна Савельева Құрылтай депутаты өкілеттігін тоқтатты

Татьяна Савельева Қазақстан Құрылтайы депутатының өкілеттігін тоқтатты.  Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Татьяна Савельева Құрылтай депутаты өкілеттігін тоқтатты
Фото: Ашық деректер көзі

Ол 2026 жылғы тамызда «Әділет» партиясынан Құрылтайдың бірінші шақырылымына депутат болып сайланған.

Савельева депутаттық өкілеттігін 27 тамызда алған. Ал 28 тамыздан бастап Қаржы және бюджет комитетінің құрамына кірген.

Бұған дейін Татьяна Савельева VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болған. Ол 2023 жылғы наурызда Amanat партиясының партиялық тізімі бойынша Мәжіліске сайланған.

2024 жылғы ақпаннан 2026 жылғы шілдеге дейін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетін басқарды.

Татьяна Савельева 1976 жылғы 11 сәуірде туған. 2001 жылы Ақмола аграрлық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2007 жылы Еуразия ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласы Қаржы басқармасының жетекші маманы ретінде бастаған. Кейін Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі қызметтер атқарды.

2012-2016 жылдары Қаржы министрлігінің бюджет саласына қатысты департаменттерін басқарды.

2016 жылғы 5 сәуірде Татьяна Савельева қаржы вице-министрі болып тағайындалды. Бұл қызметті ол 2023 жылғы 28 наурызға дейін атқарды.

Савельеваның Құрылтай депутаты өкілеттігін тоқтату себебі әзірге нақтыланбады.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер