Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында ғылым күніне арналған іс-шара өтті

11 сәуір күні Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы еліміздегі ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған ауқымды салтанатты іс-шара өткізді,- деп хабарлайды newsroom.kz

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында ғылым күніне арналған іс-шара өтті

Іс-шара отандық ғылымның жетістіктерін дәріптеу, ғылыми қызметкерлердің еңбегін мойындау, сондай-ақ жас ғалымдарды ынталандыру және олардың инновациялық бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
 
Іс-шара бағдарламасы аясында ғылыми-инновациялық әзірлемелердің көрмесі ұйымдастырылып, онда қазақстандық ғалымдардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері көрсетілді. Көрмеге түрлі салалардағы ғылыми жобалар мен жаңалықтар қойылып, ғылым мен инновацияның болашағын қалыптастыратын маңызды жобалар көпшіліктің назарына ұсынылды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің құттықтау сөзін ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов жеткізіп, отандық ғылым саласындағы жетістіктер мен ғалымдардың үлесіне ерекше тоқталды.
 
ҚР Президентінің жанындағы ҰҒА академиктері С.Ақшолақов, Э.Батырбеков, Б.Телтаев және талантты жас ғалым Ж.Сабитов өз ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісіп, қызықты, мазмұнды баяндамалар жасады.
Отандық ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінң ведомствалық наградалармен 13 ғалым марапатталды. Көрнекті ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған естелік төсбелгілермен еліміздің танымал, беделді 31 ғалым салтанатты түрде марапатталды. Бұл шара ғалымдардың еңбегін жоғары бағалаудың, ғылымның даму жолындағы олардың үлкен еңбегінің мойындалуының көрінісі болды.


 
ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының
Президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы алғы сөзінде барша ғалымдарды төл мерекелерімен құттықтап, шығармашылығ толағай табыстар тіледі. Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ғылымға ерекше назар аударып, қазіргі заманда экономика, міндетті түрде инновацияға негізделуі тиіс екенін атап өтті. Адамзат тарихындағы барлық жетістіктерге білімнің арқасында қол жетті, ал қазіргі озық технологиялар заманында ғылымсыз ешқандай прогресс мүмкін емес. Соңғы жылдары Мемлекет Басшысының тікелей қолдауының арқасында ғылымды дамытуға, оның қоғамдық өмірдегі рөлі мен орнын арттыруға бағытталған елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды шаралар қабылданып жатқанын ерекше атап өтуіміз керек. 2019 жылдан бастап білім мен ғылымға салынған инвестициялар 5 еседен аса өсті, тұрғын үй беруді қоса алғанда, жас ғалымдарға көрсетілетін әлеуметтік көмек шаралары нақты айқындалды, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданды.

А.Күрішбаев өз сөзінде:

«Әлемдегі 20 озық елдің тәжірибесіне сүйене отырып, Академияның 2035 жылға дейінгі Даму стратегиясы әзірленіп, бекітілді. Жетекші  елдердің тәжірибесіне сәйкес біз алғаш рет ғылымды дамытудың басым бағыттарын анықтадық. Осы уақытқа дейін бұл мәселеге бізде дұрыс көңіл бөлінбей келген. Мәселен, зерттеулердің барлық салаларын толығымен қамтитын ғылымды дамытудың 7 басым бағыты мен оның 153 мамандандырылған ғылыми бағыттары белгіленген. Алайда, олар іс жүзінде ғылымға берілетін бюджет қаражатын солардың бәріне бірдей қылып бөлу схемасына айналған.
Сондықтан да Академия мемлекеттің даму стратегиясымен үндестірілген және оның бәсекелестік артықшылықтарын ескеретін, ғылыми зерттеулердің тиімділігін қамтамасыз ететін ғылымды дамыту басымдықтарының жаңа жүйесін ұсынды. Оны Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдады және Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия 2026 жылдан бастап қолданысқа алатын болды.
Академия халықаралық ғылыми ынтымақтастықты жандандыру арқылы ғылымды дамытуда нақты серпіліс жасауға, шетелдік инвестицияларды тартуға, технологиялық дамыған елдердің жаңа білімдері мен үздік құзыреттерінің трансфертін жүзеге асыруға аса көңіл бөле бастады.  Біз қазірдің өзінде АҚШ, ҚХР, РФ, Германия және Оңтүстік Кореямен бірлесіп 5 ғылыми орталық құрып, ғылым саласына 143 млн. АҚШ долларынан астам шетелдік инвестицияларды тартуға қол жеткіздік. Соның ішінде ең қомақтысы ол Қытай Ғылым академиясымен, Чжэцзян технологиялық университетімен және ҚХР жетекші жоғары технологиялық компанияларымен бірлесіп, Академия жанынан кеңістіктік-уақыттық интеллект пен тұрақты дамудың халықаралық зертханасын құру болып табылады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату