Алматыда Royal Petrol бекеттерінде АИ-92 тамыздағы 225 теңгеден 235 теңгеге көтерілді. Дәл осындай баға қазір Helios, Sinooil, Qazaq Oil желілерінде де қойылған. Тек «Газпромнефть» бекеттерінде литрі 236 теңге.
АИ-95 литрі Алматыда 285–297 теңге аралығында сатылуда. Ең төменгі баға – Helios-та, ең қымбаты – «Газпромнефтьте». Тамызбен салыстырғанда 5–10 теңгеге қымбаттаған.
Дизель отыны 30 қыркүйекте қалада 327–333 теңге аралығында. Бұл да бір ай бұрынғыдан 5–10 теңгеге жоғары. Qazaq Oil желісінде ең қымбат, жыл басынан бері солярка бұл жерде 34 теңгеге көтерілген.
Астанада қыркүйек соңында АИ-92 литрі 231–235 теңге болды (тамызда 227–228 теңге еді). АИ-95 – 273–288 теңге (+3–15 теңге), дизель – 321–323 теңге (318–319 теңгеден көтерілді).
Шымкентте жанармай әлі де арзанырақ. Мұнда АИ-92 небәрі 3–6 теңгеге қымбаттап, 217–219 теңгеге жетті. АИ-95 – 268–274 теңге (+8–10 теңге). Дизель – 318–321 теңге, бұл да тамыздан бері 4–7 теңгеге жоғары.