Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Тоқаев бокстан әлем чемпионы атанғандарды құттықтады

Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады:

Тоқаев бокстан әлем чемпионы атанғандарды құттықтады

«Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды. 

Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. 

Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет.

Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!», деді Президент өз құттықтауында.


Еске саламыз, Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін тарихи нәтижемен аяқталды. Жерлестеріміз қоржынға 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль салды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату