Бүгін қаланы газбен қамтудың бірінші кезеңі толық аяқталып, 79 көшенің 31 мыңнан астам тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Енді осы тұрғындардың кез келгені «QazaqGaz Aimaq» АҚ тарапынан дербес түрде техникалық шарт алып, тиісті құрылғылармен жабдықталғаннан кейін газбен қамтылатын болады.
Айта кетелік, қаланы газдандырудың екінші кезеңі 2026 жылдың ІІ тоқсанында аяқталып, 50-ден астам көшенінің тұрғындарын қамтиды. Ал үшінші кезең аясында келесі жылдың ІІІ тоқсанында қаланың 11 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтылады.