Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ақордада күтпеген кадрлық өзгеріс болды: Тоқаев жаңа СІМ тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің жаңа сыртқы істер министрі болып Ермек Көшербаев тағайындалды. Ол бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарып келген еді

Ақордада күтпеген кадрлық өзгеріс болды: Тоқаев жаңа СІМ тағайындады
Dalanews коллажы

Ал осыған дейін Сыртқы істер министрлігін басқарған Мұрат Нұртілеу енді Мемлекет басшысының халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі лауазымына ауысты. Бұл қызметті бұған дейін Ержан Қазыхан атқарған болатын. Қазыханның өзі Женевадағы БҰҰ бөлімшесінде Қазақстанның тұрақты өкілі болып жаңа миссияға кірісті.

Ермек Көшербаевтың дипломатиялық тәжірибесі мол. Ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Қазақстанның Ресейдегі және бірнеше мемлекеттегі елшісі, сондай-ақ СІМ мен ұлттық компанияларда жауапты лауазымдарда еңбек еткен. Жаңа министр қазақ, орыс, ағылшын және корей тілдерінде еркін сөйлейді.

Айта кетерлігі, Көшербаев 2025 жылдың ақпанынан бері Үкімет басшысының орынбасары болып жұмыс істеген еді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату