Министрліктің мәліметінше, 2025–2030 жылдар аралығында қалада 412 шақырымдық нөсерлі кәріз жүйесін, 7 тазарту құрылғысын, 35 сорғы станциясын салу, сондай-ақ 2 тазарту құрылғысын қайта жаңартужоспарланып отыр. Осы шараларға жалпы 200–250 млрд теңге бөлінуі мүмкін.
Жаңа Су кодексінде қар, жауын және тасқын суларын жинақтап, оларды ауыл шаруашылығы қажеттілігіне пайдалану нормасы қарастырылған. Сонымен қатар, елді мекендерде нөсерлі (дренаждық) кәріз жүйесін құруға арналған арнайы бап енгізілген.
Қазіргі жағдай қандай?
Қазіргі таңда елордада 18 тазарту құрылғысы, 1 су қоймасы және 611 шақырымдық дренажды, лоток-арық жүйесі бар. Олар жалпы 16,7 мың гектар аумақтан суды бұруға жауапты. Алайда қалада жүйелі түрде су басып қалатын аймақтар әлі де бар.
Астанадағы су тасқыны мәселесі
Бұған дейін 31 наурызда ҚазТАГ агенттігі Астана әкімдігі су басу мәселесін 2025–2030 жылдар аралығында шешуге уәде бергенін хабарлаған болатын. Бірақ ол кезде жобаның нақты құны жарияланбаған еді.
Билік бұл мәселені толық шешу үшін қандай шаралар атқаратынын айтты. Су тасқынына қарсы жұмыстар жаңа Су кодексінің нормаларына сай жүргізілмек. Сонымен қатар, құрылыс нормалары мен ережелеріне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.