Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Астанада Республика күніне орай қандай шаралар өтеді?

25 қазан — Қазақстанның ұлттық мерекесі, Республика күні. Осы күнге орай елордада 150-ге жуық мәдени және қоғамдық іс-шара ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды newsroom.kz  Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада Республика күніне орай қандай шаралар өтеді?
ото: azattyq.ruhy

Мерекелік шаралар тек қаланың орталық алаңдарында ғана емес, тұрғын үй алаптарында, мектептер мен мәдениет ұйымдарында да өтеді. Әр аудан мен мекемеде еңбегімен елге үлгі болған азаматтар, еңбек ардагерлері мен ерлік көрсеткен жандар марапатталады.

Осы апта ішінде елордада түрлі бағыттағы шаралар — жазушылармен кездесулер, көрмелер, патриоттық байқаулар, пікірсайыстар, дөңгелек үстелдер, ұлттық ойындар сайысы мен спорттық турнирлер ұйымдастырылады.

18 қазанда «Барыс Аренада» республикалық «Қазақстан барысы» турнирі өтсе, 20 қазаннан бастап мектептерде «Ұлттық киім апталығы» басталады. 21 қазанда Мемлекеттік рәміздер алаңында флешмоб ұйымдастырылып, қатысушылар Қазақстанның Әнұранын орындайды.

25 қазан күні Республика күніне арналған марафон мен концерттер Есіл жағалауында, «Mega Silk Way» және «Abu Dhabi Plaza» сауда орталықтарында өтеді. Сол күні А.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма театрында «Сәйгүлік» қойылымы көрсетіледі.

Мерекеге орай барлық тұрғын алаптарда концерттер мен халықтық серуендер ұйымдастырылып, елорда аспанын ән мен күй тербемек.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату