Хакатоннан бастау
Форум қарсаңында ел тарихындағы ең ауқымды AI-Hackathon by SHAI.PRO өтті. Жетекші университеттердің студенттері мен түрлі компания қызметкерлері бірнеше күн ішінде SHAI.PRO платформасы негізінде тәжірибелік жобалар әзірледі.
Қатысушылар жасанды интеллекттің қаржы, білім, өндіріс және мемлекеттік басқару салаларындағы әлеуетін көрсетті. Хакатон жеңімпаздары форум сахнасында марапатталып, жас мамандар мен бизнес арасындағы байланыстың маңыздылығы айқындалды.
Форумда көтерілген мәселелер
“Leaders in AI” алаңында топ-менеджерлер, квазимемлекеттік сектор өкілдері, халықаралық сарапшылар және бизнес көшбасшылары бас қосты. Негізгі тақырыптар:
- корпоративтік процестерге AI енгізу стратегиясы,
- бизнесті жаңғыртудың жаңа тәсілдері,
- жаһандық технологиялық дамудағы Қазақстанның рөлі.
SHAI.PRO компаниясының CEO-сы Әлібек Полатов форумның басты идеясын былай түсіндірді:
«Біз жолды хакатоннан бастадық – жас мамандар мен компания қызметкерлеріне өз мүмкіндігін сынауға жағдай жасадық. Форуммен аяқтадық – мұнда AI-дың болашағы топ-менеджмент деңгейінде талқыланды. Бұл – Қазақстанда толыққанды AI-экожүйесін құрудағы жүйелі қадам».
Нәтиже
“Leaders in AI” форумы бизнес пен технологияның тоғысқан ортасына айналды. Қазақстан аймақта жасанды интеллект шешімдерін дамытудағы жетекші алаң ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте растады.