Бұл шара AqylTech / IT-Aiel жобасының қорытынды кезеңі болып, оған мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, IT-компаниялардың, білім беру мекемелерінің және үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.
Жоба «TechnoWomen» ҚБ бастамасымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылуда. Жобаның серіктестері — Astana Hub және Astana IT University.
Іс-шара цифрлық трансформацияны, технологияларды дамытудағы жастар мен әйелдердің рөлін және цифрлық сауаттылықты арттыру мәселелерін талқылауға арналған ашық алаңға айналды.
Панельдік сессиялар барысында қатысушылар:
• цифрландырудың өңірлерді дамытуға ықпалын;
• қаржылық сауаттылықты тұрақты экономикалық өсім құралы ретінде;
• гендерлік теңдік пен әйелдердің заманауи мамандықтарға қолжетімділігін кеңейтуді;
• AqylTech / IT-Aiel жобасы қатысушыларының табыс тарихтарын талқылады.
AqylTech / IT-Aiel жобасы жастар мен әйелдердің цифрлық дағдыларын дамытуға, жасанды интеллект саласындағы мамандықтарды игеруге және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған. Жобаның басты мақсаты — жастар мен әйелдердің цифрлық экономикадағы мүмкіндіктерін кеңейту, шамадан тыс қарыздану тәуекелдерін төмендету және заманауи IT-кәсіптерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
2025 жылғы негізгі нәтижелер:
• 10 000-нан астам қатысушы оқу бағдарламасын аяқтады;
• 70%-ы мансаптық мүмкіндіктерінің артқанын атап өтті;
• 1 500-ден астам қатысушы қаржылық сауаттылық пен стартаптарды іске қосу бойынша кеңес алды.
«TechnoWomen» ҚБ басқарма төрайымы Азиза Шужеева атап өтті.
«Цифрлық құзыреттер мен қаржылық сауаттылық адамдардың өмірін өзгертеді. Біздің жобамыз жастар мен әйелдерге мансап құруға, өз жобаларын іске қосуға, қаржыны тиімді басқаруға және Қазақстан экономикасының дамуына тең мүмкіндіктер қағидатымен үлес қосуға нақты жағдай жасайды. Біз еліміз бойынша нақты нәтижелер мен табыс тарихтарын көріп отырмыз».