Әйелдің айтуынша, ол мұндай қадамға 2021 жылғы жол апатынан кейін әділдікке жете алмағандықтан барған. Сол оқиғада ол баласынан айырылып, денсаулығына зақым келген.
Жанардың сөзінше, сот бұған дейінгі өтемақы туралы шешімді жойған, енді көмек сұрар ешкімі жоқ. «Басқа жол көріп тұрған жоқпын», – деген ол кейін психиатриялық орталыққа жеткізілді.
Әкімдік өкілдері отбасыға қолдау көрсетіліп жатқанын айтты: ай сайын жәрдемақы төленіп, демеушілер тарапынан көмек берілуде және баспана кезегіне қойылған. Дегенмен, соттың әйелдің қатысуынсыз шешім қабылдаған себебі әзірге белгісіз.