Әсіресе, "Бәрі жақсы болады" деп адамдарды соңғы секундқа дейін сабырға шақырып, еш саспастан қауіпсіздік ережелерін түсіндірген бортсерік Хокума Әлиеваның ерлігін айтып жатыр.
Ұшақ апатында аман қалғандардың айтуынша, оның бұл әрекеті ондаған адамның өмірін сақтап қалған. Бірақ өзі апатта ажал құшты.
Хокума Әлиеваның негізгі мамандығы заңгер болған. 2016 жылдан бері стюардесса болып жұмыс істеген. Ата-анасының айтуынша, қыздары осы сапарды аяқтаған соң, стюардесса қызметінен заңгер мамандығына ауысуды жоспарлаған екен.Жуырда тұрмысқа шыққан, бала сүйіп үлгермепті.