weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ұлттық паркте сирек жануарлар камераға түсті

«Көкшетау» ұлттық паркінде фототұзаққа бірден екі жабайы жануар - сібір елігі мен орман сусары түсіп қалды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Ұлттық паркте сирек жануарлар камераға түсті
Фото: Видео үзіндіден

Сібір елігі - бұғылар тұқымдасының ең кішкентай өкілдерінің бірі. Аталығының салмағы 35 келіден аспайды, дене ұзындығы шамамен 130 сантиметр, ал биіктігі 80 сантиметрге жуық. Көлемі шағын болғанымен, елік өте епті әрі шапшаң жануар саналады.

Ал орман сусары - Еуропа мен Азияның жалпақ жапырақты және аралас ормандарын мекендейтін жыртқыш сүтқоректі. Ол денесінің сымбаттылығымен және үлпілдек құйрығымен ерекшеленеді.

Ұлттық парк мәліметінше, орман сусары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек сүтқоректілердің бірі. Ал сібір елігі парк аумағында мекендейтін тұяқты жануарлардың қатарында.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер