Әлеуметтік желіде Гвардейский гарнизонында жалпы 240 пәтерге арналған екі үйдің бірнеше жылдан бері бос тұрғаны туралы ақпарат тараған.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2021 жылы ғимараттардың дайындығы 90 пайызға жеткен. Алайда кейін нысандардың көтергіш конструкцияларында жарықтар анықталған.
Кейін жүргізілген тексеру барысында іргетас бетонының беріктігіне қатысты да мәселелер анықталған.
Қазір ғимарат конструкцияларын күшейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар жобалық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізілмек.
Ведомство Гвардейский гарнизонында тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерді орналастыруға жеткілікті бос қызметтік тұрғын үй қоры бар екенін атап өтті.
Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін әлеуметтік қолдаудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады.