Жол апаты сағат 07:30 шамасында Республика даңғылында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, Audi көлігінің тізгінінде 56 жастағы ер адам болған.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жаяу жүргінші жолды көлік қозғалысы бағытымен оң жақтан сол жаққа қарай кесіп өткен. Осы кезде көлікпен соқтығысқан.
19 жастағы жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған факт полицияда тіркелді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция жүргізушінің жаяу жүргіншіні қағуына себеп болған жағдайларды да анықтауда.